Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барды

27.09.2017

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барып, бірқатар кездесу өткізді. Алдымен  Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёвтің қабылдауында болды және өзбек парламенті қос палатасының басшыларымен келіссөз жүргізді. Орталық Азиядағы және одан сырт жерлерде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде екі ел байланысының маңыздылығын атап өтті. Сенат басшысы сол елдегі қазақ азаматтардың рухани мұқтаждарына лайықты назар аударылып отырғанына ризашылық білдірді. Тек қазақ тілінде білім беретін 164 мектептің болуы оның нақты көрсеткіші екені айтылды. Сенат спикерінің пікірінше, екі тараптың, атап айтқанда, Арал айдынындағы су ресурстарын бірлесе отырып тиімді пайдалануға қатысты бастамасын іске асыру бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Екіжақты негізде де, парламентаралық ұйымдар аясында да ынтымақтастықты бекіте түсу туралы келісімдерге қол қойылды.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу