Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында Қырғыз Республикасының президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановты қабылдады

19.09.2017

Басқосуда Нұрсұлтан Назарбаев қос мемлекеттің екіжақты байланысын кеңейтіп, одан әрі дамыту керектігіне тоқталды. «Қазақстан мен Қырғыз Республикасының қарым-қатынасы бірлік пен достыққа негізделген», - деді Мемлекет басшысы. Ал, Өмірбек Бабанов қырғыз халқы Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгершілік қызметтерін жоғары бағалап, қолдайтындықтарын жеткізді. «Қазақстан Қырғыз Республикасына қашанда жан-жақты қолдау көрсетеді. Бауырлас елдің жетістігіне үнемі қуанамыз», - деді қырғыз саясаткері.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу