Қазақстан-Қытай ынтымақтастық форумы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Қытай ынтымақтастық форумы

13.09.2017

Қытайдың Нанкин қаласында ЭКСПО «Қытай – АСЕАН» 14-ші көрмесі басталды. Әдетте тек Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ғана шектелетін маңызды шараға Қазақстан арнайы шақыртылған. Бұл отандық тауарларымызды танытуға деген зор мүмкіндік. Осыны ескеріп, аталмыш форумға Премьер-министрдің бірінші орынбасары бастаған Үкіметтік делегация арнайы барды. Асқар Мамин Қытай Халық Республикасындағы әріптесі Чжан Гаолимен екіжақты кездесу өткізіп, әріптестікті дамыту жайында әңгімелесті. Аталмыш көрме аясында алғашқы Қазақстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастық форумы да ұйымдастырылған. Жиында инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, көлік, өңдеу мен сауда-саттық салалары сөз болып, бірқатар келісімге қол қойылды.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу