Д.Трамп Мемлекет басшысына құттықтау жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Д.Трамп Мемлекет басшысына құттықтау жолдады

28.08.2017

Елімізде жұмыс істеп жатқан АҚШ-тың 500-ден астам компаниясы экономикаға 40 миллиард доллардан астам қаржы құйды. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Энергетика министрінің орынбасарын қабылдау барысында мәлім етті. «Қазақстан АҚШ-тың ірі мұнай компанияларымен әріптестікті одан әрі нығайтады»,- деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаев кездесуде екі елдің дипломатиялық байланысына биыл 25 жыл толғанын айтып, Қазақстан мен Америка арасындағы экономикалық көрсеткіштерге оң бағасын берді. Америкалық мейман Мемлекет басшысына инвесторларға көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдіріп, «ЭКСПО» көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін АҚШ президенті Дональд Трамптың құттықтауын да жеткізді.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу