Қазақстан ОБСЕ бастамаларын қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ОБСЕ бастамаларын қолдайды

24.08.2017

Ресми Астана Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жанынан терроризммен күрес мәселелері жөнінде арнайы комитет құру бастамасын қолдайды. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының төрайымы Кристин Муттоненмен кездесуде айтылды. Биыл Қазақстанның белді ұйымға мүше болғанына - 25 жыл. Осы аралықта еліміз ОБСЕ-ге төрағалық етіп, халықаралық аренада көптеген бастама көтерді. Тараптар Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жайлы пікір алмасып, алдағы уақытта да бірігіп жұмыс істеуге уағдаласты.

 

Дулат ЖЕКСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу