Биыл шаруаларға 30 миллиард теңге көлемінде шағын несие беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл шаруаларға 30 миллиард теңге көлемінде шағын несие беріледі

21.08.2014
Биыл шаруаларға 30 миллиард теңге көлемінде шағын несие беріледі

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлі қоғамы тек биыл ауыл-аймақтағы шаруаларды несиелеуге 30 миллиард теңге қаржы бөледі. Бұл туралы акционерлік қоғамның төрағасы Нармұхан Сарыбаев хабарлады. «ҚазАгро» басқарушы холдингіне қарасты бұл қор 2005 жылдан бері 80 миллиард теңге шағын несие берген.

Сүт өндіру мен  мал шаруашылығы немесе бау-бақша өсіруді айтпағанда, қор арқылы талай адам шаштараз бен  техникалық жөндеу орталықтарын, тіпті тойхана да ашқан. Қазір қордың барлық облыста өкілдіктері бар.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ 

Хабарламаларға жазылу