Мемлекет басшысы бүгін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректорын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы бүгін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректорын қабылдады

15.08.2017

Тілектес Есполов Президентке жоғары оқу орнының жұмысы мен болашақ жоспарлары жайында есеп берді. Ректордың айтуынша, бүгінгі күні университет 11 халықаралық консорциумның мүшесі. 2015 жылдан бастап Еуропа мен Азияның дамып келе жатқан білім ордаларының рейтингісіне енген. Сондай-ақ, кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа университеттің агротехникалық хабы жөнінде баяндады. Бұл орталық отандық агроөндірістік кешеннің инновациялық дамуына септігін тигізеді. 

Хабарламаларға жазылу