Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Швейцария достық тобының тең төрағасы Филиппо Ломбардимен жүздесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Швейцария достық тобының тең төрағасы Филиппо Ломбардимен жүздесті

10.08.2017

Бүгін Астанада Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Швейцария достық тобының тең төрағасы Филиппо Ломбардимен жүздесті. Төрағаның айтуынша, Қазақстан Швейцарияны Еуропадағы маңызды әріптесі ретінде қарайды. Екі ел арасында сындарлы саяси диалог қалыптасқан. Осы ретте Елбасының Швейцария басшысымен алдағы келіссөздері қос мемлекет арасындағы ынтымақты одан әрі тереңдетпек. Кездесуде екі елдің Парламентаралық әріптестігі де сөз болды. Халықаралық күн тәртібінде тұрған өткір мәселелер, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстар да назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, «ЭКСПО» көрмесі аясында су ресурстары жөніндегі бірлесіп өткізген аймақтық конференцияның өзектілігі де айтылды.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу