Қостанай облысында бірқатар коммуналдық кәсіпорын жекешелендірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында бірқатар коммуналдық кәсіпорын жекешелендірілді

19.08.2014
Қостанай облысында бірқатар коммуналдық кәсіпорын жекешелендірілді

Қостанай облысында жергілікті ақпарат құралдары мен емдеу-сауықтыру мекемемелерін жаппай жекешелендіру жоспарланып отыр.

Облыста 2016 жылға дейін 50 нысан жекенің қарамағына өтуі тиіс. Тамыз айының басында соның алғашқы үшеуі  сатылып та үлгерді. 

Алғашқы болып саудаға түсіп, жекешелендірілген аудандық «Меңдіқара үні» газеті. Оның 50 пайыз үлесі 1 миллион 600 мың теңгеге бағаланып сатылды.

Бұдан басқа, жекеге өткен екі нысан - қалалық «Арқалық хабары» газеті мен Лисаков қаласындағы «Рауан» радиосы.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу