Қазақ-Иран ынтымақтастығы артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-Иран ынтымақтастығы артып келеді

09.06.2017

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесті. Мемлекет басшысы кездесуде Сыртқы істер министріне Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысуға келгені үшін алғыс айтты.

«Мені Ислам әлемінде болып жатқан қарама-қайшылықтар қатты алаңдатады. Өзара түсіністік пен сенім тезірек орнайды деп үміттенемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентіне қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. «Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейде. Сіздің және Иран Президентінің өзара сапарларыңыздың арқасында олар қарқынды дамуда», – деді Мохаммад Зариф.

Хабарламаларға жазылу