Арыс қаласының прокуратурасы алғашқы болып тергеу барысын толықтай бақылауға мүмкіндік беретін жауап алу бөлмесін жасақтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыс қаласының прокуратурасы алғашқы болып тергеу барысын толықтай бақылауға мүмкіндік беретін жауап алу бөлмесін жасақтады

30.05.2017

Қылмыстық істерді тергеу процесінің ашықтығын қамтасыз ету мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының прокуратурасы жаңа бастаманы жүзеге асырды. Олар елімізде алғашқы болып, Ішкі істер бөлімінің ішінен тергеу барысын толықтай бақылауға мүмкіндік беретін жауап алу бөлмесін жасақтады. Енді айыпталушының туған-туыстары жауап алу бөлмесіне орнатылған шыны терезе арқылы және бейнекамераның көмегімен, іштегі бүкіл әрекетті қадағалай алады. Бұл өз кезегінде «полицейлер ұлымды тепкіге жықты», «істемеген қылмысты мойындатты» деген айыптауларды жоққа шығармақ.

Сондай-ақ, жаңа жүйе тәртіп сақшыларының жұмысын жүйелеп, заң алдындағы жауапкершілігін де күшейткелі отыр. Азаматтарды заңсыз ұстау, істі дәйексіз созбалаңға салу фактілерін тежейді. Жалпы, жағдаят бейнебақылау арқылы прокуратураның бақылауында болады. Жүйе келешекте прокуратураның барлық мекемесіне орнатылмақ. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу