Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы қарқынды жұмыстарға оң баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы қарқынды жұмыстарға оң баға берді

12.05.2017

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы қарқынды жұмыстарға оң баға берді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов хабарлады. Оның айтуынша, кез келген саладағы мемлекеттік органның жұмысы агенттіктің жіті бақылауында. Бір ғана мысал, ведомство жыл басынан бері жемқорлыққа белшеден батқан 16 салаға тексерісті бастады. Бүгінде соның төртеуі, яғни, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, сәулет құрылысы және мемлекеттік сатып алу бағытындағы тексерістің қорытындысы жарияланды. Жемқорлық фактілері көбіне қызметтік лауазымын асыра пайдалану, мемлекеттік қызмет көрсету және тендерді  бөлу кезінде тіркелген. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу