Елбасы Оңтүстік Корея Республикасының жаңадан сайланған президенті Мун Чже Инге құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Оңтүстік Корея Республикасының жаңадан сайланған президенті Мун Чже Инге құттықтау жеделхатын жолдады

10.05.2017

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Оңтүстік Корея Республикасының жаңадан сайланған президенті Мун Чже Инге құттықтау жеделхатын жолдады. «Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен өмірлік тәжірибеңіз Оңтүстік Кореяның одан әрі өркендеуі мен дамуына, сондай-ақ, мемлекеттің әлемдік аренадағы рөлін арттыра түсуге мүмкіндік береді деп сенемін. Биыл Қазақстан мен Корея арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толғанын атап өтеміз. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Астана мен Сеул ынтымақтастығының аясы жан-жақты кеңейіп келеді. Екіжақты байланыстар алдағы уақытта да стратегиялық серіктестік рухында дами беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Мун Чже Инді Қазақстанға келіп, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауға шақырды.

Данияр НУРКИН

Хабарламаларға жазылу