Францияда президенттік сайлауда Эммануэль Макрон жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда президенттік сайлауда Эммануэль Макрон жеңді

08.05.2017

Францияда президенттік сайлауда жеңіске жеткен Эммануэль Макронның инаугурациясы мамырдың 14-де өтеді. Оны бүгін елдің қазіргі президенті Франсуа Олланд мәлімдеді.

Кеше француздар елдің жаңа мемлекет басшысын таңдады. Сайлау нәтижесінде Францияның бұрынғы экономика министрі Эммануэль Макронға халықтың 66 пайызы дауыс берді. Жаңадан сайланған басшыны әлем елдерінің жетекшілері құттықтап жатыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу