Мәскеуде Каспий жағалауы елдерінің форумы өтуде

14.04.2017

Каспий – белгілі бір аймақтың ғана емес, барша әлемнің геосаяси мүддесі тоғысқан өңір. Себебі, Каспий теңізі – қазба және биологиялық байлыққа толы. Мәскеу қаласында өткен «Каспий диалогы - 2017» экономикалық форумына қатысқан мамандар осылай деді.

 

2008-ші жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл жиынға Каспий жағалауы елдерінің мемлекеттік орган жетекшілері, дипломаттар, ғалымдар және сарапшылар қатысты. Форум барысында Каспий маңындағы мемлекеттердің көмірсутегі шикізатын өндіріп, оны әлемдік нарыққа тасымалдау саласындағы ынтымақтастығы, экологияны сақтауы, көлік инфрақұрылымын дамыту сынды көптеген салалар бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жайы талқыланды. 

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу