Бас прокурор Жақып Асанов Австрияға сапарында осы елдегі қазақстандық студенттермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокурор Жақып Асанов Австрияға сапарында осы елдегі қазақстандық студенттермен кездесті

12.04.2017

Австрияға жұмыс сапары кезінде еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов осы елде оқитын қазақстандық студенттермен кездесті. Кездесу барысында Жақып Асанов жиналғандарға елдің құқық қорғау саласында жүргізіліп жатқан соңғы реформалар жайлы баяндады. Өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарға ағалық ақылын айтты. Австрияның беделді оқу орындарында түрлі мамандықты игеріп жатқан студенттер де Бас прокурорға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, белсенділік танытты. 

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу