Қазақстан Еуропалық одақпен байланысты нығайтуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Еуропалық одақпен байланысты нығайтуға ниетті

28.03.2017

Қазақстан Еуропалық одақпен арадағы сауда байланысын одан әрі нығайтуға ниетті. Бұл туралы бүгін Ынтымақтастық комитетінің 16-шы отырысында айтылды. Бүгінгі таңда Еуропалық одақ еліміздің басты сауда әріптесі саналады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша  арадағы сыртқы сауда айналымы 24 млрд. АҚШ долларына жеткен. Сондай-ақ, Қазақстандағы тауар айналымының 50 пайызы және шет елдерден тартылған инвестицияның жартысынан астамы Еуроодақ елдеріне тиесілі екенін айта кету керек.

Шынар АСАНҚЫЗЫ      

Хабарламаларға жазылу