Қазақстан Қырғызстанға наразылық нотасын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Қырғызстанға наразылық нотасын жолдады

22.02.2017
Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа наразылық нотасын жолдады. Оған себеп, қырғыз басшысының «Euronews» телеарнасына берген сұхбатындағы Қазақстан туралы кей мәлімдемелері болып отыр.

Президент Атамбаев шетелдік арна тілшісімен интервью барысында Қырғызстанның Қазақстан тарапынан қысым көргендігін айтқан. Алайда, еліміздің сыртқы саясатына жауапты министрлік бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын айтты. Депутаттар да сұхбаттағы мәлімдемелер Қазақстан үшін күтпеген жағдай болғандығын жеткізді.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу