Түркиямен әскери байланыс нығая түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиямен әскери байланыс нығая түседі

25.01.2017
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар түсіністік туралы меморандумды мақұлдады.

Қазақстан мен Түркияның бірлескен әскери оқу-жаттығулары келесі жылы өтеді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар түсіністік туралы меморандумды мақұлдады.

Былтыр жоспарланған оқу-жаттығулар Түркиядағы терактіге байланысты бір жылға шегерілген еді. Меморандумға сәйкес оқу-жаттығу өткізу барысында қабылдаушы тарап жіберуші жақтың бөлімшелеріне техника мен қару-жарақты әкелуде, мемлекет ішінде алып жүруде, жолдарды пайдалануда рұқсат етеді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу