Жылу беру маусымына бейқамдықтың зардабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылу беру маусымына бейқамдықтың зардабы

02.01.2017
«Халықты жылусыз қалдырған әкімдер сыналды». Ұлттық арна дәл осындай тақырыппен өткен аптада ғана арнайы материал берген болатын. 27-ші желтоқсан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бірнеше облыстың басшыларын сынға алып, ескерту жасаған еді. Өйткені, желтоқсанның соңына дейін кейбір қалалардағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу қосылмаған. Ал, жоғары жаққа берілген есеп басқаша. Десе де, ушыққан іс, шынайы ақпарат Үкімет басшысына дейін жеткен еді.

Сол кезде Бақытжан Сағынтаев «Қысқа тас-түйін дайынбыз», - деп есеп берген әкімдерден мәселенің мән-жайын түсіндіруді талап еткен болатын.

Хабарламаларға жазылу