Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин РФ Мемлекеттік Думасының спикері Вячеслав Володинмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин РФ Мемлекеттік Думасының спикері Вячеслав Володинмен кездесті

12.12.2016
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының спикері Вячеслав Володинмен кездесті. Бұл - мәртебелі мейманның осы қызметке тағайындалғаннан кейінгі шетелдерге алғашқы ресми сапары.

«Екі ел басшыларының өзара түсіністік пен достық қарым-қатынастарының арқасында даму биігіне бет бұрдық», деді төменгі палата төрағасы.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бүгінгі күні біздің елдеріміздің арасында сенімді саяси үнқатысу жақсы жолға қойылған, жүйелі экономикалық қатынас орнады, қауіпсіздік саласындағы ықпалдастық тиімді дамып келеді.


Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу