Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты

24.06.2016
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы керегесін кеңейтті. Үндістан мен Пәкістан ұйымның мүшесі атанды. Бүгін Ташкентте өткен саммитте «алтылық» екі мемлекеттің мүшелікке кіруі бойынша міндеттері жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл – ұйымның халықаралық аренада беделінің артып келе жатқанының айқын көрінісі, -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы Еуразиялық транзиттік-көлік хабын құруды ұсынды. Шанхай ұйымына ынтымақтасқан алты  елдің лидерлері бүгін Ташкентте Орталық Азиядағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді жан-жақты талқылады. Әсіресе, терроризм мәселесіне басымдық берді.

 

 Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу