Елбасы «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасымен бірқатар инвестициялық жобаларды қарастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасымен бірқатар инвестициялық жобаларды қарастырды

17.06.2016
Елбасы «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасымен бірқатар инвестициялық жобаларды қарастырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Рекс Тиллерсонмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға компанияның қатысуы жөніндегі мәселелер, сондай-ақ бірқатар инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы талқыланды.

Мемлекет басшысы бірлесіп жүргізген жұмыстар кезеңінде қол жеткізілген табысты ынтымақтастыққа назар аударды.

Р.Тиллерсон Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, осы жылдары еліміздің зор жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Сондай-ақ «Эксон Мобил» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы елімізбен серіктестік қарым-қатынастардың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Хабарламаларға жазылу