Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселесі талқыланды

02.03.2016
Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселесі талқыланды
Қазақстан мен Ресей сарапшылары халықаралық терроризм және экстремизммен күресуде Еуропаның тәжірибесін алу керек, дейді.

Халықаралық терроризм және экстремизммен күресуде Еуропаның тәжірибесін алу керек. Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселесін талқылаған Қазақстан мен Ресей сарапшылары осылай деді.

Франция, Ұлыбритания, Австрия елдері лаңкестікке қарсы тың бағдарламалар қабылдаған. Құжат жастар арасында исламды кеңінен насихаттау, діни сауатын ашу және радикализмнің салдарын түсіндіруге бағытталады.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу