Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы нығая түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы нығая түспек

11.11.2015
Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы нығая түспек
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов Бейжіңде бірқатар қытайлық шенеуніктермен кездесті.

Тараптар туризм, экономика, энергетика, индустрияландыру салаларындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар жуырда ҚР Премьер-Министрінің Қытайға сапары барысында талқыланатын бірқатар маңызды мәселелер төңірегінде сөз болды.

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу