Асқар Мырзахметов Бүкілқытай Халық өкілдері жиынының төрағасы Чжан Дэцзянмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мырзахметов Бүкілқытай Халық өкілдері жиынының төрағасы Чжан Дэцзянмен кездесті

18.09.2015
Асқар Мырзахметов Бүкілқытай Халық өкілдері жиынының төрағасы Чжан Дэцзянмен кездесті

Қытайға арнайы сапармен барған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Бүкілқытай Халық өкілдері жиынының төрағасы Чжан Дэцзянмен кездесіп, екі елдің жан-жақты ынтымақтастығын тереңдету жөнінде әңгімелесті.

Кездесу барысында Елбасының тың бастамалары мен жаңа экономикалық саясаты және оларды жүзеге асыру барысындағы «Нұр Отанның» жұмысы сөз болды. Ал, Чжан Дэцзян өз кезегінде партиялардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен  билеуші партиялардың ынтымақтастығы маңызды екенін атап өтті.

 

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу