Қазақстан-Қытай шекарасында «Сенім» жобасы жүзеге аспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Қытай шекарасында «Сенім» жобасы жүзеге аспақ

10.07.2015
Қазақстан-Қытай шекарасында «Сенім» жобасы жүзеге аспақ

Алматыда Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қытай Мемлекеттік кірістер органының кеден қызметі өкілдері кездесу өткізді. 

Жиында екіжақты сауда байланысын дамыту мәселелері талқыланды. Ол үшін Қазақстан мен Қытай шекарасында «Сенім» жобасын бастауға ұсыныс жасалды.

Мақсат - кедендік бақылау аймағынан тауарды кедергісіз өткізуге қолайлы жағдай жасау және шекарадағы қауіпсіздік деңгейін көтеру.

Қазіргі уақытта Қытай тарапынан 20 компания, елімізден 100-ге жуық компания жобаны бастауға келісім берген.

Жоба сәтті жүзеге асса, кәсіпкерлер үшін шығын азайып, кіріс көлемі ұлғаймақ.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу