Ақордада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақордада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

26.05.2015
Ақордада  Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшының төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Онда Гүлшара Әбдіқалықова «Елбасы ұсынған «100 нақты қадамды» іске асыруда ең әуелі халықтың бірлігі мен татулығы, отаншылдық қасиеті аса қажет»,- деді.

Сондай-ақ, комиссия отырысы шешімдерін ұдайы бақылауда ұстап, Мемлекеттік рәміздерді Заңнама аясында орынды қолдануға баса мән беретінін айтты.

Жиында Қорғаныс, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмыстары туралы есептері тыңдалды.  

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу