Виктор Назаров: ЕЭО - 180 миллионнан астам адамның болашағы үшін жасалған қадам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Виктор Назаров: ЕЭО - 180 миллионнан астам адамның болашағы үшін жасалған қадам

02.04.2015
Виктор Назаров: ЕЭО - 180 миллионнан астам адамның болашағы үшін жасалған қадам

«Еуразиялық экономикалық одақ - 180 миллионнан астам адамның болашағы үшін жасалған нақты қадам. Оған мүше елдердің арасындағы тауар айналымы артып, экономикасының дамуы жеделдейтін болады.

Яғни, жаңа құрылым көптеген тірліктерді түлетуге оң әсер етеді», дейді Ұлттық арнаға берген сұхбатында Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров.

Ресейдің Омбы облысы Қазақстанмен тікелей байланыста. Былтыр бұл аймақтың біздің елмен арадағы тауар айналымы 440 миллион АҚШ долларын құрады.

Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда 10 пайызға артқан. «Болашақта одақ арқасында сауда-саттық көлемін арттырамыз», дейді облыс губернаторы.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ   

Хабарламаларға жазылу