Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ДДСҰ Еуропа өңірлік бюросы директорын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ДДСҰ Еуропа өңірлік бюросы директорын қабылдады

13.02.2015
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ДДСҰ Еуропа өңірлік бюросы директорын қабылдады

Бүгін Астанада Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Денсаулық сақтау ұйымы Еуропа өңірлік бюросының директоры Жужжанна Якаб денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін талқылады.

Осы саладағы көрсеткіштерді айта келе, қос тарап өзара іс-қимыл деңгейіне жоғары баға берді. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президентінің мемлекеттік бағдарламаларда денсаулық мәселесіне айрықша басымдық берілетінін жеткізіп, Елбасы саясатының әлемдегі экономикалық жағдайға қарамастан әлеуметтік міндеттемелерді толық жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті.

Жужжана Якаб Қазақстан Президентінің әлеуметтік саланы инвестициялау қажеттілігіне қатысты көреген шешімдерін айтып, еліміздің алға қойған барлық мақсаттарына жететіндігіне сенім білдірді.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу