Солтүстік Қазақстан облысының әкімі есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі есеп берді

06.12.2014
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі есеп берді

«Солтүстік Қазақстан облысында 550 миллион теңгенің астығы қар астында қалды»,-деді облыс әкімі Ерік Сұлтанов. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндама жасаған аймақ басшысы  жиналған дәнді дақылдардың көлемі 97,2 пайыз екенін жеткізді. Алайда, далада қалғаны - 93 мың гектар. Сонда гектарына 15 центнер, яғни 144 мың тонна астық орылмаған.

Брифинг барысында өңірдің экономикалық-әлеуметтік өркендеуін тілге тиек еткен Ерік Сұлтанов биыл 81 мың шаршы метрден аса тұрғын үй баспанаға мұқтаж жандарға берілді, деді. Оған қоса, осы айдың аяғында тағы 5 көп қабатты үй тапсырылмақ. Сондай-ақ, аталған аймақтағы ауылшаруашылығы саласында ет пен сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындар өнімдерін тек облыс көлемінде ғана емес, біршама бөлігін өзге өлкелер мен көрші Ресейге де экспорттап отыр.

Алмат ӘБДІРАМАН

 

Хабарламаларға жазылу