Үкіметтік емес ұйымдардың құзыреті кеңеюі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметтік емес ұйымдардың құзыреті кеңеюі мүмкін

17.10.2014
Үкіметтік емес ұйымдардың құзыреті кеңеюі мүмкін

Қазақстандағы мемлекеттік мекемелердің қызметі үкіметтік емес ұйымдар құзыретіне өтуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов мәлімдеді.

Сондай-ақ, Астанада өткен «ТМД елдеріндегі үкіметтік емес ұйымдар қызметімен тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастық» конференциясында қазіргі үкіметтік емес ұйымдардың теріс қызметтері сөз болды. 

Қатысушылар мерекелік шаралар, салтанатты кештерден бас тартып, халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмысын оңалту мақсатында ел азаматтарын жекелей аралауға көшкендерін жеткізді.

Шара шеңберінде ТМД елдері өкілдері мен қазақстандық үкіметтік емес ұйымдары өзара тәжірибе алмасуға келісті. 

Нұрлан Ерімбетов, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті:

Үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заңға өзгертулер енгізілуі мүмкін. Грант, сыйақы мәселесін қарастырамыз. Қаржылай көмек қолға алынады. Депутаттар бұл бастаманы қолдаса, үкіметтік емес ұйымдар қызметі жақсарады. 

Хабарламаларға жазылу