Қазақстан-Қытай кедендік рәсімдеудің тиімді жүйесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Қытай кедендік рәсімдеудің тиімді жүйесі

05.08.2014
Қазақстан-Қытай кедендік рәсімдеудің тиімді жүйесі

Кедендік рәсімдеудің жаңа жүйесі арқасында Қазақстан-Қытай шекарасынан түсетін кедендік төлем көлемі өткен жылмен салыстырғанда үш есеге артты.

Бұл Қазақстанның тәуелсіз өкілетті экономикалық операторлар қауымдастығы мен Кедендік бақылау комитетінің кедендік тексерісті бірлесе жүргізуінің нәтижесі.

Бүгін Алматыда қос тараптың қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтіп, онда қауымдастықтың жарты жылда атқарған жұмысы жарияланды.

Атап айтсақ, кедендік рәсімдеуді жеңілдетудегі өзге жұмыстарды айтпағанда, қауымдастықтың ұсынысына сай Кедендік бақылау комитеті Қытайдан келетін тауарларды кедендік рәсімдеу және бақылау тәсілін оңтайландырып, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің өкілеттілігіне шектеу қойды.

Бүгінде құрамында жалпы нарықтың 50 пайызын қамтамасыз ететін 20 ірі операторы бар қауымдастық, келешектегі мақсат-міндеттерімен таныстырды.

Жәнібек Боқаев, Қазақстанның тәуелсіз өкілетті экономикалық операторлар қауымдастығының төрағасы:

Келешекте біз бірлескен шаралар жоспарында жалған транзит, Қырғыз Республикасынан тауарлардың заңсыз жолмен өтуіне жол бермеуге күш саламыз. Қазір мемлекеттен көп ұсыныс түсті. Алда Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе Еуразиялық экономикалық одақ аясында жаңа кедендік кодексті қабылдауға атсалысып, бизнестің өркендеуіне жол ашамыз. 

Жазира ИСАЕВА

 

Хабарламаларға жазылу