Шығыс Қазақстан облысына Ресей СІМ Сергей Лавров келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысына Ресей СІМ Сергей Лавров келді

06.08.2014
Шығыс Қазақстан облысына Ресей СІМ Сергей Лавров келді

Бүгін Шығыс Қазақстанға ресми сапармен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров келді.

Ол қазақстандық әріптесі Ерлан Ыдырысовпен бірге облыс орталығындағы бірқатар кәсіпорынды аралады.

Атап айтқанда, «Азия Авто» машина құрастыру зауытында болып, жұмысымен танысты.

Бұдан кейін 60 жылдан бері атом өнеркәсібі саласында жұмыс істеп келе жатқан «Үлбі» металлургиялық зауытының мұражайын аралап көрді.

Сонымен қатар, Өскеменде жақында ашылған Ресей Федерациясының Бас Консулдығында болды.

Кейін Қазақстан және Ресей сыртқы істер минстрлері бастаған топтың қатысумен аймақтық «Алтай» технопаркінде жиналыс өтті.

Шара барысында, қос тарап Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шекаралық ықпалдастықты нығайту және одан әрі дамыту жөніндегі ойларын ортаға салды.

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу