Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастығы нығаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастығы нығаяды

09.07.2014
Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастығы нығаяды

Қазақстан мен Швейцария арасындағы ынтымақтастық оң серпін алып келеді. Оның бір ғана айғағы қазіргі таңда Қазақстан нарығында 200-ден астам швейцариялық компания жемісті жұмыс атқарады.

Өткен жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 4,4 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Швейцария Конфедерациясының федералды кеңесшісі – Федералды қаржы департаментінің басшысы Эвелин Видмер-Шлюмпфпен кездесуі барысында айтылды.

Кеңесте тараптар өзара саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастық мәселелерін талқыға салды.

Сәкен СЕЙТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу