Эквадор елімен ынтымақ еселенбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эквадор елімен ынтымақ еселенбек

04.07.2014
Эквадор елімен ынтымақ еселенбек

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадор сыртқы істер министрі Рикардо Армандо Патиньо Ароканы қабылдады. Қасымжомарт Тоқаев екі ел арасында өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға ықыласын білдірді.

Эквадорлық әріптестерін Астанаға шақыра отырып, өзара ынтымақтастықтың жаңа сатысына көшуге шақырды. Қазақстан Сенатының басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне үміткер.

Осы кандидатураны эквадорлық саясаткерлердің де қолдайтынына сенім білдіріп, EXPO-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу