Қазақстан - Орталық Азиядағы тұрақтылықтың ошағы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан - Орталық Азиядағы тұрақтылықтың ошағы

27.06.2014
Қазақстан - Орталық Азиядағы тұрақтылықтың ошағы
«Қазақстан халқы Президент Назарбаевтың жетекшілігімен бақытты өмір сүріп келеді. Бүгінде Сіздер тұрақтылықтың символы ретінде күллі әлемге танылдыңыздар. Біз мұны жоғары бағалаймыз. Расында, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі биік, - дейді шетелдік саяси қайраткерлер.
 
Ким Дэ Чжун, Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті:
Қазақстанда демократиялық, саяси-экономикалық бағыттарда атқарылған іргелі істерге қарап, оған жоғары баға беруге болады. Әлбетте, мұны әлемдік қауымдастықтар да мойындап отыр. Қазақ елі Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығының арқасында жан-жақты өсіп-өркендеуде.
 
Герхард Шредер, Германия Федеративтік Республикасының канцлері (1998-2005 ж.ж):
Қазақстан - Орталық Азиядағы тұрақтылықтың ошағы. Мұның саяси-экономикалық, мәдени салаларға да қатысы бар. Сіздердің Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаев көпжақты әріптестіктің сенімді жақтаушысы. Соның нәтижесінде, Қазақстан табысты дамып келеді.
 
Кондолиза Райс, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы:
Қазақстан - дамушы мемлекеттер үшін үлгі. Бұған елдегі жергілікті халық пен басқа да түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі дәлел.
 
 
Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу