Ақмола облысында диқандар егін орағына дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында диқандар егін орағына дайын

04.08.2014
Ақмола облысында диқандар егін орағына дайын

Ақмола облысындағы «Ушаков-Агро» серіктестігінің жұмысшылары күзгі егін орағы науқанына қызу дайындалып жатыр. Қожалыққа тиесілі 20-дан астам комбайн Қостанайда шығарылған отандық техника.

«Биылғы егіннің шығуы да сапасы да жақсы. Өзіміздің агрономдар аймақтарды аралап жасаған тұжырым бойынша, гектарынан 10-12 центнерден алатын ойымыз бар», дейді «Ушаков-Агро» серіктестігінің агрономы Өсербай Қожақов.

Президенттің пәрменімен ел Үкіметі үнемі астық экспортының үлесін арттыруға күш салып келеді. Себебі, алыс-жақын шет мемлекеттердің Қазақстанның ұнына деген сұранысы жоғары.

Алмат ӘБДІРАМАН    

 

 

Хабарламаларға жазылу