Қазақстан – дүниежүзі бойынша үлгі боларлық мемлекет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – дүниежүзі бойынша үлгі боларлық мемлекет

23.06.2014
Қазақстан – дүниежүзі бойынша үлгі боларлық мемлекет
Қазақстан – дүниежүзі бойынша үлгі боларлық мемлекет. Аз ғана уақыттың ішінде барлық әлемді мойындатты. Дүниежүзінің көшбасшылары еліміз жеткен жетістіктер туралы пікірлерін білдірді.
 
Кофи Аннан, БҰҰ Бас хатшысы (1997 - 2006 жж):
Қазақстан - ТМД мемлекеттерінің ішінде ауызбірлігімен, татулығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, бұл мемлекетте экономикалық өсу байқалады. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұдан меніңше, барлық мемлекеттер үлгі алуы тиіс.
 
Ласло Шойом, Венгр Республикасының Президенті (2005 - 2010 жж):
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Барлық халықтың сізге сенім артқандығы, ең алдымен әрмен қарай да саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асырып, ұлтаралық және этникааралық келісімді нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қазақстандықтардың тұрмысының одан әрі жақсаруына сеп болады.
 
Борис Тадич, Сербия Республикасының Президенті (2004 - 2012 жж.):
Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етуде үлкен маңызды рөл атқарды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Ол өзінің батыл қадам қабылдай алатын әрекеттерімен, ақпейілдігімен дүниежүзіне танымал тұлға. Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ЕҚЫҰ-ның саммиті көптеген игі істерді атқара алды.
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу