Қазақстан - қысқа мерзімнің ішінде үлкен жетістікке жеткен мемлекет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан - қысқа мерзімнің ішінде үлкен жетістікке жеткен мемлекет

21.06.2014
Қазақстан - қысқа мерзімнің ішінде үлкен жетістікке жеткен мемлекет
 
Бұл - Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мұхамедшиннің пікірі.
 
Оның айтуынша, қазір Қазақстанның Ресей аймақтарымен ынтымақтастығы, соның ішінде, Татарстан тарапымен іскерлік байланысы жоғары деңгейде.
 
Фарид Мұхамедшин, Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы:
Қазақстан Республикасы - бұрынғы Кеңес одағы елдерінің ішінде өзінің бірегей даму жолын тауып, қарқынды дамып келе жатқан жалғыз мемлекет. Бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жылдар бойы жүргізіп келе жатқан, «Алдымен экономика, содан соң саясат» деген қағидасының арқасы, деп ойлаймын. Қазақстандағы ұлтаралық, дінаралық татулық ел дамуының негізі болып отыр. Осы және өзге де саладағы ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктеріңізді Татарстан тарапы өзіне үлгі етеді. 
 
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу