Қазақстанның әлемдік аренадағы бастамалары қашан да көкейтесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның әлемдік аренадағы бастамалары қашан да көкейтесті

16.06.2014
Қазақстанның әлемдік аренадағы бастамалары қашан да көкейтесті
 
 Қазақстанның әлемдік аренадағы бастамалары қашан да көкейтесті. Ядролық қарудан азат мемлекет құрудағы қадамдары, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына сәтті төрағалық етуі, қай-қайсысы да қазір ел аузында жүр. Саясаттағы салмақты тұлғалардың айтқан пікірлері осының дәлелі.
 
Хиллари Клинтон, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы:
Шынайы демократия, гүлденген экономика және тұрақты қоғам азаматтық қоғамсыз өздігінен құрылмайды. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасында қашанда түсіністік болуы шарт. Қазақстандық билік осы мәселеде өзгелерге үлгі бола білді. Сондай-ақ, ядролық қарудан бас тарту туралы бастамасын да ерлікке балауға болады. Егер бұл қару теріс пиғылды жандардың қолына түссе, адамзат баласының тағдырына балта шабылады. Сондықтан ядролық қаруды таратпау - бұл адам құқығын қорғаудағы ең негізгі мәселесі. Бұл тұрғыда Қазақстан әлемдік көшбасшы ретінде таныла білді.
 
Данило Тюрк, Словения Республикасының экс-президенті:
Мен Қазақстанның әсіресе, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы рөлін ерекше бағалар едім. Қазақстан өзінің төрағалығы барысында барлық басымдықтарға мән берді және ұйым жұмысының үздіксіз жалғаса беруіне өзіндік үлесін қосты. Соның нәтижесінде Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының күн тәртібін кеңейтуге мүмкіндік туды. Біз алғашқы күннен-ақ Қазақстанның осы ұйымға төрағалығын қолдаған едік. Қазақстан сол үдеден шыға білді.
 
Даля Грибаускайте, Литва президенті:
Қазақстанның қол жеткізген табыстары, небәрі 10 жыл ішінде Еуропа мен Азияның «жауһарына» айнала білгені таң қалдырады. Астананың осынша өркендеуі - Мемлекет басшысының және бүкіл Қазақстан халқының қосқан үлесінің нәтижесі, деп білемін. Сіздердің елдеріңіз қуатты қарқынмен даму үстінде және аймақтағы негізгі орталыққа айналды. Қазақстан өзінің дамуының арқасында әлемдік аренаға көтерілді.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу