Ертең Қазақстан халқы Ассамблеяның ХХІ сессиясы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Қазақстан халқы Ассамблеяның ХХІ сессиясы өтеді

28.04.2014
Ертең Қазақстан халқы Ассамблеяның ХХІ сессиясы өтеді
Алдағы 15 жыл Қазақ елінің дамуы үшін оңтайлы кезең болмақ. Ол үшін қоғамдық келісім мен ел бірлігі  стратегиялық мақсаттарға жетудің басты кепілі екенін естен шығармауымыз тиіс. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбеков осылай деп мәлімдеді.
 
Мемлекеттік хатшы ұйымды одан әрі дамыту мақсатында облыс әкімдері мен Ассамблея хатшылығына бірқатар тапсырмалар берді. Нақтырақ айтсақ, 2015 жылдың соңына дейін Астана, Атырау, Қарағанды және Маңыстау облыстарында Достық үйлерінің құрылысы аяқталуы тиіс.
 
«Өңірлік Ассамблеяларды кадрлық және ресурстық жағынан жедел нығайтып, Парламенттегі Ассамблея тобының тәжірибесін аймақтарда, мәслихат депутаттары жанынан дамыту керек», - деді Мемлекеттік хатшы.
 
Бұдан өзге, келер жылы Ассамблеяның 20 жылдығы қарсаңында этномәдени орталықтарға өздерінің іс-жоспарын құру қажеттігі айтылды.
 
Әділбек Жақсыбеков, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
Қазақстан халқы Ассамблеясы ел дамуына елеулі үлес қосып келеді. Ассамблеяның жұмысына Мемлекет басшысы да жақсы баға беруде. Бүгінде, әлемде түрлі жағдайлар орын алуда. Ал, біздің елімізде мұндай жағдайлар болған емес. Бұл еліміздегі қоғамдық келісім моделінің нәтижесі.  
 
 
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу