Қазақстан - тұрақтылықтың үлгісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан - тұрақтылықтың үлгісі

22.04.2014
Қазақстан - тұрақтылықтың үлгісі
Ынтымағы жарасқан ел озады. Бұл көршілес Қытай елі сарапшыларының пікірі.
 
Миллиардтан астам халық мекен ететін Қытайда тек 56 ұлт өкілдері тұрады. Ал 17 миллион жан саны бар қазақ елінде 130 дан астам ұлт бар екен. Еңсе көтергеніне небәрі  23 жыл болған жас мемлекет басшылығына  сан алуан ұлттарды бірлікке, бір-біріне деген құрмет-сыйластыққа жұмылдыру оңай шару емес. Ол үшін ел басында парасатты, әділ әрі көреген саясаткер отыруы керек,  дейді қытайлық сарапшылар.
 
Ең бастысы Қазақстанның стратегиялық әріптес, тату көрші, дос мемлекет болғанын олар мақтан тұтады.
 
Юй Чэншен, Қытай мұнай-газ корпорациясы жобалау бөлімінің бас маманы:
Мен Қазақстанға әлі жолым түскен жоқ. Бірақ ғаламтор беттерінен көршілес мемлекет туралы көп оқимын. Мен үшін Қазақстан даму жағынан талай алыптардың алдын ораған Азия ғажаптарының бірі. Сол ғажапты өз көзіммен көруге құлшынысым зор.   Бұл елге табаным тигенше асықпын.
 
 
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу