Еуразиялық интеграция идеясына - 20 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық интеграция идеясына - 20 жыл

29.03.2014
Еуразиялық интеграция идеясына - 20 жыл

Осыдан дәл жиырма жыл бұрын, 1994 жылғы 29 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық Одақ құру жөніндегі бастамасын жариялады. Бұл жаңа ұсынысты көпшілік бірден қабылдаған жоқ. Бірақ, уақыт өте мойындады. Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандану дәуірінде халықтың күні халықпен болатынын болжаған идеясы өзінің өміршеңдігін көрсетті. Қазақ басшысының, алдымен, Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру, одан кейін Кеден одағын құру, Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру сияқты экономикалық интеграцияның негізгі белестерін кезең-кезеңімен жүріп өту жөніндегі ұсыныстарының бәрі де бірте-бірте жүзеге асты. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ құруға дайындық жүріп жатыр. Осының арқасында көршілес елдер өз тауарларына ортақ нарық тапты, экономикалық байланыстардың сан түрлі тетіктерін іске қосты. Бұл арқылы бүкіл әлем бүгінде Қазақстанды жаһандық интеграциялық үдерістердің ықпалды қатысушысы деп біледі.

Хабарламаларға жазылу