Әлем Қазақстанға құлақ аса бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем Қазақстанға құлақ аса бастады

28.03.2014
Әлем Қазақстанға құлақ аса бастады

Қазақстан - ядролық қарумен күресте сөзбен емес іспен үлгі көрсетіп отырған мемлекет. Мәселен, халықаралық «АТОМ» жобасы бұл бағыттағы нақты қадам саналады.

 
Мемлекет басшысының Гаага саммитіне барған сапарынан соң ресейлік сарапшылар осындай пікір білдірді.
 
Мамандардың айтуынша, Қазақ елі уранды қару ретінде ғана емес, бейбіт мақсатта да тиімді қолдануға болатынын дәлелдеп отыр. Осылайша, соңғы жылдары Қазақ Президентінің антиядролық бастамалары өз нәтижесін беріп, оған әлемдік қауымдастық құлақ аса бастады.   
 
Леонид Гусев, Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының аға ғылыми қызметкері:
Өткен жылдары Иранның атомдық бағдарламасы төңірегіндегі жағдай ушыққан кезде Қазақстан Президенті алғаш болып мәселені бейбіт жолмен шешуге күш салғанын білеміз. Тіпті, Алматыда «алтылықтың» отырысы да өтті. Осылайша, Иранның қазіргі басшылығы келіссөздерге құлақ аса бастады. Бұл іске Нұрсұлтан Назарбаевтың зор ықпал еткенін мойындау керек. Яғни ядролық қауіппен күресте қазір Қазақ елі әлем мойындаған көшбасшы мемлекетке айналды.
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу