БҰҰ-ның баяндамашысы елдегі діни ахуалмен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ-ның баяндамашысы елдегі діни ахуалмен танысты

27.03.2014
БҰҰ-ның баяндамашысы елдегі діни ахуалмен танысты

Қазақстандағы адам құқықтарының қорғалуы мен азаматтардың діни сенім бостандығы. Бұл мәселелер бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты, Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтановтың Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы баяндамашысы Хайнер Билефельдтпен кездесуінде сөз болды.

 
Қазақстандағы діни ахуал туралы баянадама дайындау үшін арнайы келген Билефельдт мырза өзін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Әсіресе, әлемдік дәстүрлі діндер съезі туралы көбірек білді.
 
Қуаныш Сұлтанов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы:
Бұл кісі Қазақстандағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, діни ұйымдардың, үкіметтік ұйымдардың өкілдерімен кездеседі. Солардың барлығынан алынған мағлұматтар бойынша арнайы баяндама дайындайды.
 
Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу