Қазақстан мен Литва қатынасы қарқынды дамуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Литва қатынасы қарқынды дамуда

13.02.2014
Қазақстан мен Литва қатынасы қарқынды дамуда
  Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рокас Бернотас бүгін Қазақстан - Литва арасындағы қарым-қатынасты кеңейту мәселелерін талқылады.
 
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Литва арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейін, сондай-ақ, көптеген өзекті тақырыптар төңірегіндегі ұстанымның ұқсастығын алға тартты.
 
Ал, әлеуметтік-экономикалық даму туралы сөз еткенде, Нұрлан Нығматулин Елбасы Жолдауының маңызды бағыттарын жүзеге асыру қазақстандықтар үшін де, сонымен бірге, шетелдік компаниялар үшін де оңтайлы жағдай жасайтынын атап өтті.
 
Өз кезегінде Рокас Бернотас Қазақстанның Литва үшін аймақтағы өте маңызды әріптес екенін атап өтті. Қазақстан мен Литва парламенттері арасындағы байланысты нығайту мәселелерін талқылай келе, Нұрлан Нығматулин мен Рокас Бернотас ағымдағы жылға жоспарланып отырған Литва Сейма Спикерінің ресми сапары жалпы екіжақты қатынастың дамуына серпін беретініне сенім білдірді.

Хабарламаларға жазылу