Сыртқы істер министрлігі өткен жылды қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы істер министрлігі өткен жылды қорытындылады

13.02.2014
Сыртқы істер министрлігі өткен жылды қорытындылады
Әр қазақ «Мәңгілік Ел» идеясының мәнін терең түйсінуі шарт. Ол - халқымыздың бірлігін нығайтатын, ел болашағының ұзақ жылдарға арналған мемлекеттік идеясы.
 
Мұндай пікірді Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде мекеме басшысы айтты. Протоколдық режимде өткен алқа мәжілісінде Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басым міндеттері, өткен кезеңдегі еліміздің сыртқы саясат мекемесінің қызметі және жұмысының перспективалық жоспары, сондай-ақ, халықаралық қатынастағы көкейкесті мәселелер қарастырылды.
 
Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:
Президент сыртқы істер мекемесінің қызметіне де үлкен мән берді. Қазақстанда сыртқы істер саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Бұл бағдарламалық құжат көпшілік үшін ашық. Қазақстанның әріптес мемлекеттері де, халық та біздің таңдаған саяси бағытымызды біле алады.
   

Хабарламаларға жазылу