Алматыда Халықаралық "Алматы - Көктөбе опера" музыка фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Халықаралық "Алматы - Көктөбе опера" музыка фестивалі өтті

26.08.2019

«Көктөбе» демалыс паркінде болған салтанатты шараға еліміз бен әлемнің ең танымал музыканттары қатысты. Олар отандық және шетелдік композиторлардың классикалық шығармаларын орындады. Танымал оркестрлер өнер көрсетіп, алып шаһардың аспанын әнге бөлеп, көпшіліктің көңілін серпілтті

Асқар Бөрібаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Бұл дәстүрлі фестиваль. Жыл сайын ауқымы кеңейіп келеді. Бүгін бірнеше жаңа туындының да тұсауы кесілді. Алматылық тыңдармандардың талғамы өте жоғары. Олар классикалық музыканы сүйіп тыңдайды. Бұл бізге шабыт сыйлайды/.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу