Елордалық полицейлер адам өлімі туралы ақпаратты жерлеу рәсімін өткізетін компанияларға сатқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық полицейлер адам өлімі туралы ақпаратты жерлеу рәсімін өткізетін компанияларға сатқан

23.08.2019

Елордалық тәртіп сақшылары адамдардың қайтыс болғаны туралы қызметтік ақпаратты сатқан. Жерлеу рәсімі кезінде қызмет көрсететін кәсіпкерлер арасында ақпарат, әрине, сұранысқа ие. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде айтылды.

Адам жерлеу кезінде қызмет ұсынатындар бірден қайтқан адамның үйіне барып, ақылы көмектерін ұсынған. Агенттік зерттеу жүргізіп, 12 полиция қызметкерінің 102 базасына түскен ақпаратты заңсыз шығарғандығын анықтаған. Олардың барлығы қазір жұмыстан қуылды. Агенттік мамандары жемқорлық деректері туралы ақпарат білетіндер 1424 сall-орталығына хабарласа алатынын ескертті. Оның үстіне, қарапайым тұрғындар бұл үшін қомақты сыйақы алады.

Данияр Бигайдаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға тергеушісі:

Биыл сыбайлас жемқорлық агенттігі құқықбұзушылық туралы хабарлаған 116 азаматты марапатталды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу